2019 жылы 21 сәуірде Жамбыл облысы Жуалы ауданы Берікқара шатқалында «Қызғалдақ -Жамбыл облысының табиғи мұрасы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу жоспарлануда.

Іс-шара Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты мақаласы аясында ұйымдастырылады және Грейг, Кауфман, Зинаида, Борщов, Колпаковский қызғалдақтары сияқты эндемиялық өсімдіктерге ұқыпты қарауға шақыру жолымен жастардың қазақстандық патриотизм рухында белсенді қатысуына бағытталған. Грейг пен Кауфман қызғалдақтары Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Іс-шараның негізгі мақсаты-Жамбыл облысының табиғат кереметтерінің бірін сақтаудың маңыздылығына Жамбыл облысының туристері, қонақтары мен жергілікті тұрғындарының, билік органдары мен барлық бей-жай қарамайтын адамдарды тарту.

Іс-шараны ұйымдастырушы Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы.

Ғылыми – тәжірибелік конференцияға қатысуға Жамбыл облысы мен Қазақстанның тұрғындары мен қонақтары, «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» РММ, ҚР БҒМ ботаника және фитоинтродукция институты, Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығы, Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері, Жамбыл облысы турфирмасының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар, блогерлер мен фотографтар шақырылады.

Еуразия даласында өмір сүрген қазақ халқы, сондай-ақ басқа да көшпенді тайпалар қызғалдақты қайта өрлеу символы, жаңа өмір мен сұлулықтың белгісі деп санады.

Ғылыми-тәжірибелік конференция бағдарламасы қызғалдақ соқпақтары бойынша экскурсиядан тұрады .

Ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар көктемгі әр түрлі өсімдіктерді тамашалай алады және қызғалдақ гүлін тамашалай алады, сондай-ақ жабайы қызғалдақтар аясында фотосессиялар өткізеді.