2018 жылдың 8 қазанында Жамбыл облысы әкімдігі Туризм басқармасының ұйымдастырумен Өзбекстан Республикасы Әйелдер істері жөніндегі комитетінің төрайымының орынбасары Мукарам  Нұрматованың Қазақстан Республикасы іскер әйелдер қауымдастығы басшылығымен, өңірлік «Атамекен» іскер әйелдер кеңесінің мүшелерімен кездесуі өтті. Онда екі ел арасындағы шекаралық ынтамтастық орнату мен аймақтың туризм саласын дамыту аясында баяндамалар жасалды.  Барлығы 75 адам қатысты.  Жиын соңында Жамбыл туризм қауымдастықтары мен Өзбекстан  Республикасының «Nafis Travel» туристік компаниясы арасында екі жақты өзара әріптестік  меморандумға қол қойылды. Осы меморандумдар туризм саласында келесі бағыттар бойынша ынтымақтастықты қамтитын болады:

  • Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының Жамбыл облысындағы туристік секторды қолдау;
  • Туризм саласын дамыту және жетілдіру;
  • сондай-ақ, мүдделі бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында өзара көмек көрсету;
  • туристік қызметтерді дамытуда өзара тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту

Сондай – ақ, Өзбекстан Республикасы Әйелдер істері жөніндегі комитетінің төрайымының орынбасары М.Нұрматова «Көне Тараз» кешеніне саяхат жасап, «Рухани жаңғыру» залымен танысып, археологиялық ашық аспан астындағы «Көне Тараз» мұражайын  аралады. Сонымен қатар Қарахан кесенесі , Дәуітбек кесенесінде болып,  «Дана – Дель» ЖШС тоқыма бұйымдарын өндіру кәсіпорны мен оқу орталығының жұмысымен де танысты.