Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының бастамасымен ашық сұқпат ұйымдастырылды. Жиынға қоғам өкілдері, қоғамдық емес ұйымдар мен блогерлер және де туризм саласының мамандары арнайы шақырылыды.

Келелі кездесуде басқарма басшысы ең алдымен жаңадан құрылған туризм басқармасының осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарын жіпке тізді. Құрылғалы жылға жуықтаған жаңа саланың былтыр ұйымдастырған бірнеше халықаралық шаралары, және олардың өңір туризімінің өркендеуіне қосқан үлестері сөз болды. Сонымен қатар, басқосуда мәселелі болып тұрған жол бойындағы сервистер жайы да қаралды. Бүгінде «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізінің бойындағы ҚазАвтоЖол АҚ-ның орнатқан дәретханаларына тұрғындар шағымы жоғары. Ал, бұл тұрғыда, облыстық туризм басқармасы тарапынан, қараусыз жағдайы жасалмаған дәретханалардың орнына жылы сумен, барлық қажетті жағдаймен жабдықталған дәретханалар жобасы ұсынылды. Соның есебінен, алдағы уақытта мәселе түбегейлі, республика тарапынан шешімін таппақ.

Жиында балалар туризімі, іскерлік туризм сынды саланың басқа да түрлері қамтылып, жиылғандар орамды ойларымен бөлісті. Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта біріге жұмыс істеуге уағдаласты.

ЖОӘ Туризм басқармасы саланың дамуы үшін қозғалған ойлар мен ұсыныстарға қолдау білдіріп, біріге жұмыс істеуге әрқашан дайын!