9 мамыр – Жеңіс күні. Осы ұлы мерекеге орай облыс басшылары Ұлы Отан соғысының ардагерлерін арнайы құттықтады. Бүгін Жамбыл облысы əкімінің орынбасары Нұржан Календеров пен облыстық туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова соғыс ардагері Махмуд Бесимбаевтың шаңырағында болды. Басшылық сұм соғыста отан үшін от кешкен ардагерді мерекемен құттықтап, өз тілектерін білдірді. Ал, Махмуд ардагер өз кезегінде батасын беріп, ел тыныштығын тіледі.   Бесимбаев Махмуд – Жамбыл облысы Талас ауданындағы Бостандық ауылында дүниеге келген, зейнеткер. 1932 жылы 8 жасында Ақбұлақ ауылында балалар үйінде тəрбиеленіп, оқыды. 1941-1945 жылдар аралығында соғыс майданында болды. 1-2 дəрежелі Ұлы Отан соғысының ардагері «Германияны жеңгені үшін», «Маршал Жуков», «Украинаны жəне Беларусияны босатқаны үшін», «Ленинград жəне Сталинградты қорғағаны үшін»  жəне т.б. медальдармен марапатталған.