Ұйымдастырушы: ЖОӘ Туризм басқармасы, Тараз-Туризм туристік ақпараттық орталығы

Іс-шара атауы: «Көне Тараз шеберлерінің қалашығы»

Өткізу мерзімі: 18 мамыр, 2019 жыл (ашылуы)

Өткізу орны: Тараз қаласы, «ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТӨРТКҮЛ САРАЙ КЕШЕНІ»

Өткізу уақыты: 6 ай, аптаның сенбі-жексенбі күндері

                 «КӨНЕ ТАРАЗ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ҚАЛАШЫҒЫ»

Қызыққа толы ауыл өмірі мен дала дүбірін XXI ғасырға қайта әкелу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының ұйымдастыруымен  «Көне Тараз шеберлерінің қалашығы» этно жобасы қолға алынды. Үстіміздегі жылдың мамыр айының 18 күні Тараз қаласындағы «ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТӨРТКҮЛ САРАЙ КЕШЕНІНДЕ» этно жобаның елге таныстырылымы өтеді.

     «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ ауылы» этно-жобасын құрудың басты мақсаты көне Тараз дәстүрін, көшпенділердің бірегей, жарқын және айқын мәдениетін, өткен тарихын жаңғырту. Ұлттық-мәдени кешен қонақтарды қазақ халқының бай тарихымен, мәдениетімен, өнерімен және салт-дәстүрімен таныстырады. Кешенде кез келген адам көшпенділер өркениетінің этно мәдени ортасын сезіне алады және ауылдың күнделікті, мерекелік өміріне көз жүгіртуге толығымен ие болады.

        Этноауылда қазақ музыкалық және театр өнерінің фестивальдері, қолөнер шеберлерінің мастер-класстары, ұлттық тағамдар, қолөнер және көркем өнер көрмелері, этникалық музыкалық фестивальдар, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және басқа да іс-шаралар өтеді.