Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы, ағымдағы жылдың шілде айының 13 жұлдызы күні 2 туристік автобус салтанатты түрде іске қосылады. Облыста алғаш рет қолға алынған тың жоба, 5 ай бойы халыққа қызмет көрсетеді. Жоба «Жастар жылы» аясында  жүзеге асырылады. Яғни экскурсиялық автобустар облыстағы мектеп оқушылары, колледж және де ЖОО студенттерін тегін тасымақ (Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарына Республикалық тарихи маңызы бар ғимараттарға кіру тарифке сәйкес ақылы болып табылады). Сонымен қатар, бірінші кезекте ҰОС ардагерлері мен қарттар үйінің қариялары, көпбалалы отбасынан шыққан балалар мен тұрмыс жағдайы төмен отбасылардан шыққан оқушылар қамтылмақ (жоғарыда аталған азаматтар өзінің әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттар негізінде Республикалық тарихи маңызы бар ғимараттарға кіру ақысыз, яғни тегін болып табылады).

Экскурсиялық автобустарды салтанатты түрде жолға шығару шарасы «Жастар аллеясында» өтпек. 

Аталған іс-шараға мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, республикалық БАҚ өкілдері, туризм саласында жұмыс атқаратын алыс және жақын шетелдерден келетін әртүрлі ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Аптаның демалыс күндеріне өңірдің мақтанышына айналған тарихи-мәдени ескеркіштерге сапар Туризм басқармасы бекіткен 2 бағыт бойынша жүргізіледі:

1 бағыт: Көне Тараз – Қарахан кесенесі – Дәуітбек кесенесі – Ерте Ислам мешіті – Қали Жүніс моншасы – Төрткүл керуен сарайы – Қазақ хандығына – 550 жыл монументі – Айша бибі кесенесі – Бабаджа хатун – Көне Тараз музейі

2 бағыт: Көне Тараз музейі – Тектұрмас кесенесі – Ақыртас сарай кешені – Көне Тараз