Енді шаһардағы кез-келген шебер, қолөнершілер орталығынан орын таба алады. Тіпті тауарларды саудалайтын дүкендерде бар. Тарыдай шашылған қолөнер шеберлерінің басы өткен жылдың желтоқсанында осы жерге жиылған еді. Орталықтан қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық бұйымдардың кез-келген түрін таба алады. Бастысы бағасы қол жетімді.