Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы №10 қаулысымен Қытай Халық Республикасының азаматтары үшін бұрын енгізілген Қазақстан Республикасына кіру, болу және кету жетпіс екі сағаттық визасыз режим 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін тоқтатылғандығын хабарлады.  Аталған қаулы арқылы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау,Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін  Қытай Халық Республикасынң азаматтары үшін Қазақстан Респуликасына келудің, болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатылатын болады. Қаулы қол қойылған күннен юастап, яғни 2020 жылдың 27 қаңтарынан бастап күшіне енді