2020 жылғы 19 ақпанда ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі іс-шараларды одан әрі күшейту туралы»  қаулыны мәлімдеді. Осы шешімге сәйкес министрлік 20 ақпанынан бастап Коронавирустық инфекцияның жаңа түрі (CVI) тіркелген елдерден келген азаматтарды 3 санатқа бөлді. 

Бірінші санатта Қытай Халық Республикасынан келген адамдар. Олардың барлығы 14 күнге ауруханаға карантинге жатқызылады. Тағы 10 күн бойы тұрғылықты жердегі клиникада медициналық бақылауда болады. Екінші санатқа коронавирус көп анықтаған елдерден. Олар Гонконг, Сингапур, Жапония, Тайланд, Оңтүстік Корея, Малайзия, Тайвань, Вьетнам, Австралия, Германия, АҚШ, Франция, Макао мемлекеттері. Алдағы уақытта бұл елдердің тізімі өзгеруі мүмкін. Осы елдерден келген барлық адамдар үйде 14 күн ішінде карантинге орналастырылады, олардың денсаулық жағдайын фельдшерлер үйде күнделікті медициналық тексеріс жасап отырады. Тағы 10 күн бойы тұрғылықты жердегі клиникада медициналық бақылауда болады.  Ал үшінші санатқа 10 нан аз адамдар тіркелген елдерден келген азаматтар жатады. Нақтырақ айтқанда бұл тізімге Ұлыбритания, Біріккен Араб Әмірліктері, Канада, Үндістан, Филиппин, Италия, Испания, Финляндия, Непал, Камбоджа, Шри-Ланка, Швеция, Бельгия, Египет елдері кіреді. Алайда бұл елдердің де тізімі өзгеруі ықтимал. Коронавирус анықталған мемлекеттен қайтқан барлық қазақстандықтар ел шекарасынан өткен күннен бастап 24 күн ішінде (күнделікті телефон соғу арқылы) тұрғылықты жері бойынша емханада медициналық бақылауда болады.  Осы  айтылғандарға байланысты,  жоғарыда аталған елдерге ресми іс-сапарларға, жиындарға, кездесулерге  сонымен қатар туристік саяхатшыларды елге кіргізуге және шығаруға рұқсат жоқ.