Ағымдағы жылда жағдай бойынша әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 134 мыңнан асатыны белгілі болды. Соңғы дерекке сүйенсек аталған індет жаһанның 115 елінде тіркелген. Коронавирус әлем бойынша тез таралуда. Қазақстанмен шекаралас кейбір елдерде жұқтыру жағдайлары да белең алуда.

Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу үшін мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау мақсатында, оның ішінде инфекция таралған аймақтан келген барлық адамдарға бақылауды күшейту жолымен жан-жақты шаралар қабылдауда. Қоғамдық іс-шаралар кейінге шегеріліп, кинотеатрлар өз жұмысын уақытша тоқтатады. Мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап демалысқа шығарылып, студенттер онлайн режим арқылы білім алатын болады. Осыған байланысты Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы коронавирустың алдын алу шараларын түсіндіру мақсатында бірнеше мәрте туроператор және турагент басшыларымен жиын өткізді. Сондай-ақ, Жамбыл облыстық “77TV” коммерциялық телеарнасы арқылы Республика көлемінде жаңалық таратылып отырды. Әлеуметтік желіліерде жиі ақпараттар жарияланды. Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустың инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша туристік фирмалармен коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылар тіркелген елдерге сапарға шықпауды ұсынудамыз. Жамбыл облысында жалпы 46 туристік ұйым, оның ішінде туроператорлар-31, туристік агенттіктер-15 ресми түрде тіркелген. Қазір олармен тығыз байланыстамыз. Аталған 46 туристік ұйымның 22-сі әртүрлі жағдайларға байланысты өз жұмыстарын уақытша тоқтатқан. Сондай-ақ облыс аумағында туристердің сапарларын шектеуге байланысты жолдамалар құнын қайтару жағдайында әзірге ақпарат келіп түскен жоқ.