Жиында облыс əкімдігінің туризм басқармасының басшысы Ғани Майлибаев Жамбыл облысы бойынша туризм индустриясын дамыту туралы өзекті мәселелер мен ұсыныстарды ортаға салды. Қазіргі таңда «Жамбыл облысында туризм саласын дамытудың 2020-2022 жылға дейінгі стратегиялық жоспары» әзірленуде. Стратегиялық жоспар облыстың əрбір ауданы бойынша туризм саласын дамытуға негізделген мақсаттар мен айқындалған нақты шараларды қамтымақ. Кеңесті қорытындылай келе, облыс əкімі Бердібек Сапарбаев облысымыздағы туризм саласының дамуына мемлекеттік қолдау көрсете отырып, туристік бизнес өкілдеріне жан-жақты көмек көрсету қажеттігін атап өтті.