Тектұрмас кесенесі ХІV ғасырда Талас  өзенінің оң жағалауында салынған. Тектұрмастың тарихи аты – Сұлтан-Махмудхан. Ал, Тектұрмас сөзінің өзі түркіше «тынымсыз  орын» дегенді  білдіреді.

Кейбір деректерде Сұлтан Махмутхан Қарахан империясының ұлы қолбасшысы болғандығы айтылған. Кесене өте көне діни орындардың бірі болып есептеледі. Тектұрмас төбесінің басында зорастризм, христиандық, мұсылмандық рәсімдегі зираттар  орналасқан. Төбенің етек жағында ежелгі жерасты жолы және Талас өзені арқылы өтетін тас көпір болған.

ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы  атеистердің дінге қарсы саясаты кезінде жартылай қираған.   ХІХ ғ. 80 жылдары түсірілген кесене формасының қарапайым фотосуреті ғана сақталып қалған. 2002 жылы кесененің алғашқы  орнына  жаңадан кесене қайта қалпына келтіріліп, тұрғызылды.