Ерте ислам дәуірінің мешітіндегі 2006 жылы археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында анықталды. Қазба барысында несториандық христиан шіркеуі (VIII-IXғғ.) қайта жасақталған исламдық мешіттің (IX-XІІғғ.) құрылысы табылды. Қирандыны тазалау кезінде бағаналардың тұғыр тастары, шығыс жағында суфа (сәкі) және батыс жағында мінәжат ететін микрабтың орыны болды
Осындай түбегейлі зерттеудің нәтижесінде – табылған нысанның VII-XII ғасырмен мерзімделетін Қазақстан жеріндегі ерте Ислам дәуірі кезінде салынған құрылыс екендігі және ғибадатханадан қайта жасақталынған мұсылмандық мешіт орны екені анықталды.
Керуен сарайы (VIII-XII ғғ.) Ерте ислам дәуірінің мешітіне қарама-қарсы орналасқан ғимарат. Құрылысы архитектуралық тұрғыдан бір кешенді құрылыс. Қазба жұмыстары кезінде табылған заттар (монеталар, қыш-құмыра бұйымдары және т.б.) мен құрылыс орнының ерекшеліктері оның VIII-XII ғғ. аралығында өмір сүргендігін көрсетеді.
Ерте ислам дәуірінің мешіті және қосалқы салынған Керуен сарайы Тараз жеріндегі алғаш рет ашылған ашық аспан асты музейі болып табылады