Дәуітбектің толық аты-жөні – Ұлық Білге Икбалхан Дәуітбек-Шамансұр. Манғолдар дәуіріндегі түркінің хан тұқымынан шыққан ұлы қолбасшысы, өз заманының атақты адамы болған. Кесене алғашында күмбезі жартылай иілген аркаға бекітілген төрттаған түрінде болған. Аркалар плиталардан қаланған тұғырға орналасты. Аркалы кіре берісі мен қабырғалары XIX ғ. соныңда кірпішпен қайта өрілгендіктен кесене қазіргі қалпына енді. Оңтүстік бұрыштарының жоғарғы жағы жалған минарет тәріздес етіп қаланған. Кесенедегі Дәуітбекке қойылған қабіртастағы жазуды В.В.Бартольд зерттеп оқыған. Аудармада «1262  жылы 31 наурызда қайтыс болған түркілік қолбасшы, қалам мен қылыштың иесі, жаны таза момындардың жанашыр қорғаушысы  жерленген» деген жазулар бар.