Тамды қалашығы – ортағасырлық Түркі халқының мәдени орталығы. Бұл ортағасырлық қала туралы кейбір жазба деректерде Берукет (Паркент) қаласымен баламаланып жүр. Моңғол шапқыншылығы кезінде қала толық қираған. Қала Қаратау қаласының батыс шетінде, Тамды өзенінің оң жағасында орналасқан. Ғылыми – зерттеудің барысында көненің көзі болып, талайғы ғасырдан көң топырақтың астына көміліп жатқан байырғы Тамды қалашығы ашылып, көптеген құнды жәдігерлер табылды. Қаланың қабырғалары, қыштары, бояулы және бояусыз ыдыстардың бірнеше үлгілері табылды.