Берікқара қорымы ерте темір дәуіріне жататын көне Сақ тайпаларының жерлеу орындары. Қорым көшпенділердің ескерткіші. Бірнеше үйіндінің үсті түгелімен ақ жабылған. Қазба жұмыстарының нәтижесінде: қыш ыдыстар, алтын, қола және мыс сырғалар, салпыншақтар;  ауызынан құстың басы шығып тұрған жолбарыстың басы тұрпатты қола айылбас, темір пышақтар, күміс қасықтар, ат әбзелдері, қорамсық,екі және үш қанатты құйрығы бітеу жебе ұштары, семсердің басы табылды. Бұл материалдар Ресей Федерациясының Санкт-Питербург қаласындағы Эрмитажда сақтаулы тұр.

Терістік жағындағы тастан үйілген үш обаның айналасы жерге қадалған төртбұрышты немесе дөңгелене жерге қадалып орнатылған тастар тізбегі,осы өңірді мекендеген ежелгі тайпалардың аспанға, тәңірге, күнге табынатындығын білдіреді.