Бектөбе қалашығы – Түркі өркениетінің ортағасырлық рухани орталығының бірі. Ортағасырлық араб тарихшыларының жазбаларында Тараз айналасына шоғырланған көптеген қалалардың ішінен өзіндік ерекшелігімен дамыған қала ретінде Джувикат деген атаумен аталады. Қарахан империясы тұсында гүлденіп, мәдени дамудың биік дәрежесіне жеткен.

2010-2012 ж.ж. кешенді археологиялық жұмыстардың нәтижесінде қалажұрттан: ұзын су құбыр желісі және қоғамдық тұрғын үйлер мен бекініс қамалының іргетасының қирандылары табылды. Сонымен қатар, Қарахан дәуіріне жататын зират ашылды.