Ақыртас толық аяқталмаған, құпияға толы ортағасырлық сарайы кешені. Сарай кешені 70-ке жуық бөлмелер мен 15 колонналы галереядан тұрады.Кешен үлкен бітеу өңдеген тастардан тұрғызылған.

Ақыртас кешені – күрделі құпияға толы нысан ретінде Египет кереметтері, Афины Акропольдары, Рим колизейі, Перудегі Майя сарайлары және Антикалық аңыздармен деңгейлес жатқан алып құрылыс деңгейінде бағалануда. Археологиялық және ғылыми зерттеулердің нәтижесінде Ақыртас маңынан бірнеше нысандар табылды: керуен-сарай кешені және монументальды құрылыс. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Ақыртас кешені 2014 жылы 25 маусымда Катар мемлекетінің Доха қаласында өткен ЮНЕСКО-ның 38 сессиясы барысында Бүкіләлемдік Мәдени Мұралар тізіміне енгізілді.