Қалашық Орта Азияға іссапармен барған орыс шығыстанушы В.В.Бартольдтың еңбегінде «Абдуррахман» деген атпен берілген.

Қалашық аумағында киелі бұлақ пайда болған. Бұлақтағы су жыл бойы +16 градус тұрақты температураны ұстап тұрады. Су құрамын өмірге қажетті 17 түрлі минералды микроэлементтер: магний, калий, йод және т.б. құрайды.