Аңыз бойынша, Бабаджа Хатун, Айша арудың күтушісі болған. Кейіннен бибісі өмірден өткен соң жас қабірдің өмір бойғы шырақшысы міндетін атқарған. Бабаджа Хатунның жер бесігі үстіне кесене орнатылған.

Кесене өзінің композициясы мен құрылымы жағынан өте қарапайым. Құрылыс күйдірілген кесектен салынған. Кесененің көркемдік пен сымбаттылық беретін призмалық барабанға орналасқан 16 қырлы конусты жатылуы – Қазақстан күмбездерінің ішіндегі ең ерекшесі. Қасбетінде: «Бұл Бабаджа Хатун  қабірі… Оны салушы» деген жазулар бөлігі сақталған. Кесенені салған шебердің  аты-жөні сақталмаған.