Айша бибі кесенесі ХІ-ХІІ ғасырларда тұрғызылған ортағасырлық сәулет өнерінің ең үздік туындысы. Кесене қабырғаларының сыртқы жағы қолдан ойылған ою-өрнектері бар 62 түрлі терракот қыш тақталармен көмкерілген. Әр қилы үйлесім мен нұсқалардан тұратын, түрлі өсімдік гүлдері мен геометриялық түрлер сарынындағы өрнектерге бай. Бұл орталық Азия мен Қазақстандағы өнбойы ою-өрнектермен көмкерілген жалғыз ескерткіш. Терракот қыш тақталардың 18-ші қатарында арабтың куфа әріптерімен оюланған «Күз…бұлттар…жер ғажайып…» деген тылсым сөздер  жазылған. Кесененің ішкі жағында жер бесік тұр. Аңыз бойынша кесенені ғашығы Шах-Махмуд Қарахан салдырған екен.

Жерленген адам туралы тек аңыздар ғана сақталған. Аңыздардың бірінде Тараз билеушісі Қараханға іңкәрлік сапары кезінде жылан шағып, қайтыс болған. Зеңгі баба мен Ануар бегімнің ару қызы Айша туралы айтылады.