Қалашық VI ғ. Түркістанға қоныс аударған Бұхар соғдылары негізін қалаған ортағасырлық Жамукат (Хамукат) қаласына баланады. Жамукат туралы деректер X ғ. географы әл-Макдисиде, сондай-ақ Нершахидің «Тарих-и-Бұхарасында» кездеседі. Ғалымдарымыздың жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, Қостөбе қалашығы Талас алқабындағы ірі қалашықтардың бірі болған.

Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Қостөбе қалашығы 2014 жылы 25 маусымда Катар мемлекетінің Доха қаласында өткен ЮНЕСКО-ның 38 сессиясы барысында Бүкіләлемдік Мәдени Мұралар тізіміне енгізілді.