Ортағасырлық қалашық Түркі қала мәдениетінің ірі орталықтарының бірі. Өз заманында айналасындағы қалалармен бірдей дәрежеде дамып, X-XII ғасырларда шарықтаудың биік шегіне жеткен. Қарахандар империясы тұсында қалалық-әкімшілік орталығы болған. Өз заманында үлкен мәдениет пен өркениеттің және руханияттың ошағына айналып, Ұлы Жібек жолындағы ірі сауда орталығы ретінде дамыған қала.Ортағасырлық араб саяхатшылары Ибн Хордадбек пен Құдама ибн Жафар құрастырған жол бағдарламалары бойынша, Тараз бен төменгі Барсхан және Құланға дейінгі аралықта Касрибас, Қүлшуб, Жүлшуб атты бірнеше қалалардың орналасқаны айтылады. Осы аталған қалалардан Күлшуб қаласы Қарлұқтардың қарауындағы және феодалдарының біреуінің қонысы болған Өрнек қаласына сәйкес келеді.

Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Өрнек қалашығы 2014 жылы 25 маусымда Катар мемлекетінің Доха қаласында өткен ЮНЕСКО-ның 38 сессиясы барысында Бүкіләлемдік Мәдени Мұралар тізіміне енгізілді.