Меркі қалашығы – алғашқы тарихи атын сақтап қалған ежелгі қалашықтың бірі. Ол алғаш рет ІХ-Х ғғ. Кудама Ибн Хордадбектің  қолжазбаларында аталады. Ол, оны, үлкен елді мекен деп атаған. Одан кейін қалаға неғұрлым тыңғылықты сипаттама берген ортағасырлық араб тарихшысы әл-Макдиси болды. Ол:«Мирки-орташа аумақты, бекемделген ішкі қамалы бар қала. Алқалы мешіті, ертеде шіркеуі болған» деп жазған болатын.

Қалаға жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, бедерлі өрнегі бар қарапайым жасалған қыш ыдыстардың табылуы Меркінің пайда болу мерзімін VІІ – XІІІ ғғ. жатқызуға мүмкіндік береді.