Өтеген батыр Өтеғұлұлы (1677-1773жж.) – Шу өзенінің төменгі ағысында туып-өсіп, XVIII ғасырдағы қазақтың жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен ұлт-азаттық күресінің белсенді мүшесі. 1740 жылы өз жасағымен Төле бидің әскерлері құрамында шайқасты. 1757 ж. Семей мен Ямышев қамалдары үшін болған жоңғарлармен шайқасқа қатысты. Батырдың ерліктері XVIII ғасырдың өзінде-ақ дастандарда жырланып, ұрпақтан – ұрпаққа жетіп отырған. Өткен ғасырлардың ақындары: Құсен, Тілеміс, Майкөттер оған өз әндерін арнаған. Ең әйгілісі Жамбыл Жабаевтың «Өтеген батыр» дастаны. Бұл кесене –  батырдың туылғанына 300 жыл толуына орай 1999 ж. салынған.