Ақ кесене қарауыл мұнарасы – сол дәуірдегі Қазақ халқының алыстағы жауды бақылауға арналып салынған тарихи ескерткіш. Әлемнің төрт тарабына бағытталған, мұнаралары бар ескерткіш. Ақкесене деп аталып кеткен, бұрышы саз кесектен тұрғызылған мұнараның аумағы 11 метр дөңгеленіп келген, жоғары қарай бірте-бірте тарылып көтерілген мұнарасының биіктігі 14 метр. Мұнарада жоғары қарай көтерілетін айналма баспалдақ сақталған. Қарауыл мұнарасы ретінде XVII ғасырға дейін пайдаланылған.