1993 жылы Ы.Дүкенұлының 150 жылдық мерейтойына арнап, оның қабірінен бір уыс топырақ әкелініп, үстіне мемориалдық кешен тұрғызылды.
Ықылас – қазақтың атақты күйші қыл қобызшысы, композиторы, Қорқыт атадан кейін қылқобызда ойнауды жаңартқан дүлдүл шебері. Қазақ халқының рухани өміріне өзгеріс енгізген өнер иесі.