1993 жылы  Ы.Дүкенұлының 150 жылдық мерейтойына арнап, оның қабірінен бір уыс топырақ әкелініп,  үстіне мемориалдық кешен тұрғызылды.

Ықылас – қазақтың атақты күйші қыл қобызшысы, композиторы, Қорқыт атадан кейін қылқобызда ойнауды жаңартқан дүлдүл шебері. Қазақ халқының  рухани өміріне өзгеріс енгізген өнер иесі.