Биназар батыр кесенесі – 1993-1994 ж. батырдың 190-жылдығына тұрғызылған. Халық есінде қалған аңыз бойынша Биназар Ақеділұлы Қоқан хандарына қарсы ұлт-азаттық соғысына қатысып батыр атағын алған. Шу өзені алқабында ағайындарымен бірге отырықшылыққа бейімделіп, жер игеріп, арықтар қаздырған. Ол қазған арықтармен осы күнге дейін аудан жерін суландырады, ол Биназар деп аталады. Ол – халық есінде бейбіт тіршілік пен жер өңдеуге байланысты ұмытылмастай болып қалған бірден-бір батыр.