Қырбас кесенесі -XX ғасырдың басында шебер Бижекеев салған сәулет ескерткіші. Қырбас –Мойынқұм елді мекеніне су жеткізу үшін арық қаздырған ірі меценат.

Күмбездері ретсіз қалау техникасымен қаланған, күмбезге (барабан) жарықтық саңылаулар қалдырылған. Екі камераның да күмбез асты кеңістігінде өсімдік өрнектерімен әшекейленген.