Жамбыл облысы әкімдігі мен облыстағы жоғары оқу орындар арасындағы туризм саласасында ынтымақтастық орнату бойынша меморандумға қол қою рәсімі өтті. Меморандумның негізгі мақсаты – облыстың туризм саласын дамыту бағытындағы жергілікті атқарушы органдардың міндеттерін басшылыққа ала отырып, туризм саласында білікті мамандар даярлау арқылы ішкі және келу туризмін дамыту мәселелері бойынша жаңа бағыттар мен өзара ынтымақтастықты қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар меморандум кеңесінде туризм саласын дамытуда білім ордасын үздік бітірген білікті жас мамандар арқылы еліміздің тарихын әлемге танытып, саяхаттаушы адамдардың санын арттырып, туризм индустриясының ұлттық моделін қалыптастыру мәселесі де көтерілді.