«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ ауылы этно – жобасын құрудың басты мақсаты-ежелгі Тараздың дәстүрлерін, көшпелілердің бірегей, жарқын мәдениетін, өткен тарихын жаңғырту. Ұлттық-мәдени кешен қонақтарды қазақ халқының бай тарихымен, мәдениетімен, өнерімен және дәстүрлерімен таныстырды. Кешенде әрбір адам көшпелі өркениеттің этномәдени ортасын сезініп, ауылдың күнделікті, мерекелік өмірі туралы толық түсінік ала алады.

Этно-ауылда қазақ музыкалық және театр өнерінің фестивалі, қолданбалы өнер шеберлерінің мастер-кластары, ұлттық тағамдар, қолөнер және көркем өнер көрмелері, этникалық музыкалық фестивальдер, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар және басқа да іс-шаралар өтті. «Дәстүрлі аң аулау түрлері», «ұлттық ойындар мен ойын-сауық», «ұлттық тағам», «қазақ музыкалық-театр өнері», «қолөнершілер» секторларына келген келушілер қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы кең ақпарат алды.