Осы тұрғыда, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары @yerzhan_zhilkibayev мырзаға Жамбыл облыстық туризм басқармасының басшысы @gannur мырза дайындық жұмыстарын таныстырды. ⠀

Осы тур арқылы облысымыздың этно-тарихи кешендері мен киелі аймақтары таныстырылмақ. Жалпы қашықтығы ары-бері 60 шақырымды құрайтын экспедициялық тур ТОПАҒАШ жеріне дейін жалғасады. ⠀

Шараның тарихи танымдық маңызы зор. Өйткені, Ұлы Жібек жолындағы экспедициялық тур Сұмқайтты немесе Әбілқайыр жазығын басып өтіп, Тораңғыт секілді шежіреден сыр тартатын өлкелерді аралайды. ⠀

Бұл іс-шара облыстық туризмнің ілгері басып, дамуына өз үлесін қосатыны анық. ⠀

Іс-шара барысында карантин талаптары толық ескеріліп, бақылау жұмыстары қатаңдатылады. ⠀