Бұл іс-шара арқылы Жамбыл өңірінде 3441 тарихи-мәдени құнды ескерткіштер сақталғаның, оның ішінде Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан 5 нысан ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енген («Ақтөбе» (Баласағұн), «Өрнек», «Құлан», «Қостөбе» қалашықтары және «Ақыртас» сарай кешені), сондай-ақ ерекше қорғалатын 6 мемлекеттік аймақ («Берікқара», «Меркі», «Аңдысай», «Жусандала», «Үмбет», «Қарақоңыз») және 37 негізгі туристік нысандар туристерді қабылдауға дайындығын көрсетті. ⠀

Іс-шара барысында «Рысбаева және К» ЖШС-ның қолөнер және кәдесый бұйымдарының және «Аспара» сән үйінің халықаралық брендті ұлттық үлгідегі киімдер көрмесі таныстырылды. ⠀

Сондай-ақ, Жамбыл облысының танымал фотографы А.Қартабайдың фотокөрмесін көрсетілді. ⠀

Экспедициялық турдың маршруты киелі «Топағаш» тоғайы, «Арғынкөл» жағалауы және «Сұмқайтты» жазығын қамтыған. ⠀

Осындай мүмкіншілік беріп, айтулы іс-шараны қолдаған Бердібек Сапарбаев мырзаға айтар алғысымыз шексіз! ⠀

Тарихқа толы өлкенің алдағы уақытта туристерді қабылдауға жоғары деңгейде дайын екеніне қонақтарымыз көз жеткізді деп ойлаймыз. ⠀

Ұлы жібек жолының інжу-маржанына айналған мекеннің туристік бағыты дами берсін! ⠀