Кешенге демалыс және сауық орталығы, балық аулау шаруашылығы, көлдердің бұлақ көздері, монша кешені кіреді.

Айта кету керек, «Алтын Бұлақ» ШҚ директоры А.Қуанышбаев аталған кешен аумағында түйеқұстар, тауықтар мен аққулар сияқты экзотикалық сәндік құстарды өсірумен айналысады.

Осы кездесу барысында «Алтын Бұлақ» агро-туристік кешенінің құрылысы мен жетіспейтін инфрақұрылым жұмыстарының одан әрі барысы бойынша проблемалық мәселелер талқыланды.

Бұл жоба Жамбыл өңірінің ішкі туризмін дамытуға және қазақстандық және шетелдік туристер үшін отбасылық, жеке, корпоративтік демалысты ұйымдастыруға бағытталған.