Кешен Жамбыл ауданы Шөлдала ауылында орналасқан. Кездесуде аталған кешеннің балық аулау, ат спорты, тау туризмі, су спорты және аң аулау сияқты белсенді туризмнің барлық түрлерін қамтитын Жамбыл облысының ішкі туризмін дамыту және ілгерілету үшін барлық табиғи жағдайлары мен мүмкіндіктері бар екендігі атап өтілді.

Кешенде демалыс орталығы, балық аулау, қонақ үй, мейрамхана және т.б туристік нысандар бар.

Айта кету керек, бұл кешен флора және фаунаның ерекше түрлерімен ерекшеленеді.

Кездесу барысында қазақстандық және шетелдік туристер үшін отбасылық, жеке және корпоративтік демалысты ұйымдастыру үшін «Әсем» туристік кешенінің құрылысын аяқтау мәселелері талқыланды.