Қазанның 22 күні «Visit Almaty» Туристік ақпараттық орталығының басшысы Маралов Марлен Абилмырзаұлы және «Тараз-Туризм» Туристік ақпараттық орталығының басшысы Мурбеков Бауыржан Жолдасбекұлы ынтымақтастық келісімін жасасты.

Арадағы екі облыстың туризм әлеуетін арттыру үшін жасалынған меморандум – тәжірибе алмасу үшін таптырмас мүмкіндік береді. 

Меморандум – Тараптарға туризм және өзге де Кәсіпкерлік қызметін дамыту үшін, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын бірлескен жобаларды инвестициялау үшін қолайлы экономикалық және құқықтық жағдайлар жасайтын болады.

Сонымен қатар аталған меморандум, Алматы және Жамбыл облыстарының ішкі, сыртқы және шекара маңындағы туризм мәселелері бойынша кәсіби ынтымақтастықты нығайту және дамыту мақсатында жасалып отыр.  Бұл меморандум туризмді дамыту саласындағы өзара тиімді қатынастарды кеңейту және жетілдіру үшін түрткі болары анық.