Жамбылда туризм саласы ілгерілеп келеді. Мұны жыл бойы атқарған басқарма жұмысы да растайды. Мәселен, өткен жылы өңірге аяқ басқан туристер саны 110 мыңға жуықтаған. Бұл мәлімет бүгін Жамбыл Облысы әкімдігі туризм басқармасының қорытынды жиынында айтылды.

   Облыстағы туризм саласын дамыту мәселелері бойынша өткен жиында келесі мәселелер қаралды:   

  1. «Тараз – Туризм» туристік ақпараттық орталығы» КММ-нің 2018 жылы ақарған жұмыстары және 2019 жылға жұмыс жоспары.
  2. Туризм саласын дамытуға бағытталған 2019 жылғы қолға алынатын іс-шаралар.
  3. Республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген, туризм саласын дамытуға бағытталған қаржы.

   2018 ЖЫЛЫ ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРАЛАР

       Жүргізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша 2018 жылы Жамбыл облысына 2,5 мыңға жуық турист тартылды, оның ішінде 900-ге жуық шетелдік туристер. Сондай-ақ статистика департаментінің деректері бойынша 2018 жылы Жамбыл облысына келген туристер саны 110 мыңға жуық адамды құрайды. Бұл көрсеткіштің еселенуіне әрине халықаралық іс-шаралардың әсері зор.

Солардың бірі, 8-12 қазан аралығында өткен «TARAZ-ASPARA WEEK» халықаралық сән апталығы. Оған әлемнің 19 елінен 30 Халықаралық киім дизайнерлері, журналистер мен сән сарапшылары, ірі туроператорлар мен турагенттіктер, сондай-ақ алыс және жақын шетелдердің туризм саласында жұмыс істейтін 400 қатысушы қатысты. Өз кезегінде, бұл іс – шара 2018 жылы туристер санының өсуіне түрткі болды. Шарада өзара ынтымақтастық туралы 12 меморандум жасалды, оның ішінде 7і халықаралық және 5і қазақстандық.

Сондай-ақ 2018 жылдың 13-14 қазанында Тараз қаласында «Төрткөл» керуен сарайы аумағында «Руһани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ ауылы»этно-жобасы іске қосылды. 13-15 желтоқсанында «Көне Тараз» тарихи-археологиялық кешенінде «Руһани Жаңғыру» бағдарламасы аясында қолөнершілердің халықаралық көрмесі ұйымдастырылды. Бұл іс-шара Қазақстан және алыс-жақын шетел қолөнершілері қауымдастығының ынтымақтастығына түрткі болды. Қатысушылар  саны 800 адамды құрады.

Сонымен қатар 2018 жылғы 10-11 қазанда «DAMDI TARAZ-FOOD TOURISM»халықаралық ұлттық тағамдар фестивалі ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға 100 шетелдік және 300 қазақстандық турист қатысты.. Өзара ынтымақтастық туралы 6 меморандум жасалды.

2018 жылдың 13-15 желтоқсанында «Руһани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ancient Taraz-2018» халықаралық туристік форумы ұйымдастырылды. 200 шетелдік және 400 қазақстандық туристер қатысқан  форумның кірісі 42,0 млн. теңгеден асты. Мұнда, өзара ынтымақтастық туралы 12 меморандумға қол қойылды.

      Сонымен қатар қараша айында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жамбыл облысының 33 туристік нысандарында QR-кодтар орнатылған мобильдік қосымша іске қосылды. Өңірде жыл бойы өзге де ірілі-ұсақты іс-шаралар өткізілді. Бұл өз кезегінде өңірдегі туризм саласының одан әрі дамуына сеп болып отыр.

     ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ

     Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында Астана  – менің отанымның жүрегі». жобасына сәйкес жазғы демалыс кезінде балалардың демалысын ұйымдастыру бойынша іс – шара өткізілді. Жобаға Жамбыл облысының он ауданы мен Тараз қаласының 12-16 жас аралығындағы дарынды оқушылар мен аз қамтылған отбасылардың балалары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 50-ге жуық адамды құрайды. Оқушылар Астананың көрікті жерлеріне барды.

      Сонымен қатар, «Көне Тараз» жас қолөнершілердің аймақтық байқауы және «Тараз – Қолөнершілер қаласы» атты балалар сурет байқауы өткізілді.

       2018 жылдың 11-13 мамырында отандық және шетелдік туроператорлар үшін ақпараттық турлар өткізілді.

  Бүгінде Жамбыл облысының Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойындағы жол сервис объектілерін ұлттық стандарттарға келтіру жұмыстары жүргізілуде.

          Бүгінгі таңда Жамбыл облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында орналасқан 61 жол бойындағы сервис объектісі бар. 61 жол сервисі нысандарының 26сы ұлттық стандарттарға сәйкес келеді, ал 35 нысаны ұлттық стандарттарға сәйкес келмейді           

          2019 ЖЫЛҒА ЖОСПАР

«Тараз-туризм» туристік ақпараттық орталығының 2019 жылға арналған жұмыс жоспары 34 тармақты қамтиды. Жұмыс жоспары Жамбыл облысы әкімдігінің басқармаларымен, Тараз қаласы мен облыс аудандарының әкімдіктерімен, мемлекеттік ұйымдармен, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен, ЖОО-мен, туристік қауымдастықтармен, сондай-ақ «Қазавтожол «ұлттық компаниясы»АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылатын болады.

– ағымдағы жылдың ақпан айының соңында «Тараз жеріне тағзым» атты жас туристердің халықаралық фестивалін өткізу жоспарланып отыр.

– наурыз айында «Тараз-өткенімен кездесетін қала» атты жастар туристік форумын өткізу жоспарлануда.

          – мамыр айында «Менің Отаным – Қазақстан» облыстық туристік экспедициясын өткізу жоспарлануда.

          – шілде айында «Астана – менің Отанымның Елордасы» жобасына сәйкес жазғы демалыс кезінде балалардың демалу іс-шараларын өткізу жоспарлануда.

– Сонымен қатар, мамыр және қыркүйек айларында халықтың әлеуметтік осал топтары мен ауылдық жерлердегі балалар мен жастарға туған өлкесі бойынша экскурсия ұйымдастыру жоспарлануда. Жоба «Руһани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырғалы отыр.        

Басқарма тарапынан туризмді дамыту жолында атқарылған жұмыстар жетерлік, деседе ағымдағы жылы қолға алар тірліктер тізімі де баршылық.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ