Өңірлік туризмді дамыту мәселелерін анықтау үшін туризмнің бүгінгі жағдайына басқармамен зерттеу-сараптама жұмыстары жүргізіліп, туризмді дамыту үрдістері мен негізгі бағыттары айқындалған Жамбыл облысында туризм саласын дамытудың 2020-2022 жылға дейінгі стратегиялық жоспары өңделді.

         Мақсаты: Тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік кешен құру және оны жоғары кірісті экономика секторына айналдыру.

         Міндеттері:

  • туризмнің инфрақұрылымын дамыту;
  • туризмнің материалдық базасын жаңғырту;
  • жаңа нысандар құрылысын жандандыруға ықпал ету жөнінде кешенді шаралар әзірлеу;
  • облыстың туристік өнімін республикалық және әлемдік нарықта жылжыту.

Облыстың тарихи-мәдени жәнетабиғи ресурстары туристердің кез келген сұранымын қанағаттандыруға қабілетті, қазіргі заманғы тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік кешен құруға мүмкіндік береді.                                                              

Дегенмен, Басқармамен жүргізілген сараптама жұмысы облыстың жоғары туристік әлеуетке ие екендігіне қарамастан, туризм саласының даму қарқыны орташа, ал аудандар көлемінде мүлдем дамымай немесе жүйесіз, ретсіз, бейберекет іске асырылып келе жатқан сала екендігін анықтады.

Жоспарланған мақсат пен міндеттерге қол жеткізу үшін тарихи-мәдени ресурстарды дамыту бағытында атқарылатын жұмыстар.

Бүгінгі таңда, жоғарыда аталған туристік русурстардың ішіндегі (тарихи-мәдени және табиғи ресурстар) тарихи-мәдени ресурстары ғана туризм саласының дамуында қомақты үлесі бар. Дегенмен,  қарқынды дамытуды қажет етеді.

Барлығы ресми тіркелген  3441 тарихи мәдени нысанның ішінен туристік тартымды деп танылған 37–сіне инвентаризация жүргізіліп, кемшіліктері анықталды. Негізінен атқарылатын жұмыстар 37 нысанды модернизациялау, цифрландыру, инфрақұрылымын дамыту, абаттандыру, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, ашық аспан астында музейлер ашу арқылы аталған нысандарды облыс, республика, әлем деңгейінде танымал ету бағытында жүргізіледі.

Табиғи ресурстар –  туристік зоналарды ашуға үлкен мүмкіндік береді. Облыстың табиғи ресурстарын туризм саласында толығымен емес, жартылай да пайдалана алмай отырмыз. Себебі табиғи ресурстарды пайданану, ол жерлерді туризм аймағына айналдыру көп қаражат салуды қажет етеді және ол жеке инвестициялық салыным болуы қажет.

Табиғи ресурстарды бамыту бағытында атқарылатын жұмыстар:

  • Жаңа туристік зоналар ашуға мүмкіндік беретін табиғи аймақтарды анықтап, ол жерлерді туристік аймаққа айналдыру мүмкіндіктерін қарастыру;
  • облыс азаматтарының жабайы демалатын орындарын анықтап, ол жерлерді абаттандыру, туристер демалысы үшін қажетті жарақтармен жабдықтау (жол салу, тапшандар, орындықтар орнату т.с.с.);
  • инвестициялық жобаларды ілгерілету;

Инвестжобаларға қолдау көрсету (Мемлекеттік –жекешелік әріптестік механизмін қолдану жолдарын қарастыру). Ерекше қорғауға алынған табиғи аймақтарда туризмді дамыту (туристік соқпақтар салып, сол жерлер бойынша туристiк маршруттар өңдеу);

  • демалу алаңқайлары мен тамашалау алаңдарын салу.

Қорытындылай келе Жамбыл облысында туризм саласын дамытудың 2020-2022 жылға дейінгі стратегиялық жоспары облыстың тарихи-мәдени және табиғи ресурстарын пайдалана отырып, туризм инфрақұрылымын дамытуды және дамыған инфрақұрылымы бар туристік әлеуетке жарнамалау жұмыстарын белсенді жүргізу арқылы облысқа келетін туристер легін арттыруды көздейді.

Сол сияқты, Жоспарда көрсетілген іс-шаралар жүзеге асқан жағдайда облыстың туристік инфрақұрылымының дамуына, туризмнің ішкі және келу түрлері бойынша туристердің жалпы ағынының тұрақты өсімін қамтамасыз етуге, туризм және қызмет көрсету саласында халықтың жұмыспен қамтылуын ынталандыруға ықпал етеді.

Нәтижесінде облыста туризмнің тарихи-мәдени,  тарихи-танымдық,  өлкетану,  археологиялық,  ғылими, экологиялық, мәдени-демалыс, аң аулау, балық аулау, этнографиялақ, балалар және жасөспірімдер, спорттық, агротуризм, медициналық туризм, іскерлік туризм түрлері дамитын болады.

Жаспарланған шаралар іске асырылған жағдайда облысқа келуші туристер санын орта есеппен 500-800 мың адамға жетуі, 200-300 жаңа жұмыс орындарының ашылуы күтілуде.

Стратегиялық жоспар жобасы Тараз қаласы мен аудандар әкімдіктерінің, облыстық басқармалардың, сонымен қатар,  облыс көлемінде туризм саласында қызмет көрсетіп жүрген үкіметтік емес ұйымдар, туристік қауымдастықтардың талқылауына салынып, олардың ұнсыныстары мен ескертулері енгізілді.