Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жомарт Жүрек» атты қайырымдылық саласында маңызды қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғаларды анықтап, қолдау көрсету мақсатында республикалық бағдарламасын өткізуде.  Осыған орай, ағымдағы жылдың 25-29 қазан аралығында, ҚР қайырымдылық қызметін дамытуға елеулі үлес қосқан қайырымдылық жасаушылар арасынан жеңімпаздарды анықтау мақсатында https://ruh.kz/ сайтында онлайн дауыс беру өткізіледі.

Құрметті оқырмандар, еліміздің қайырымдылық саласында қызмет ететін жандарды қолдау мақсатында, жоғарыда көрсетілген сілтеме арқылы өтіп, жобаға қатысушылар арасынан «Жомарт Жүрек» атты қайырымдылық сыйлығына лайықты жанды анықтауға ат салысуларыңызды сұраймыз.