Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде сағат 18.00-де Жамбыл облысының қолөнершілері мен фотографтарының көрмесі ұйымдастырылып, ол Тараз қаласы, «Көне Тараз» этно-мәдени кешенінің аумағы (Шахристан), мұнара сағаттының жанында өтті.
Бұл көрме Жамбыл облысының қолөнер шеберлерінің, сондай-ақ облыстың жергілікті кәсіби фотографтарының қатысуымен өтті.
Аталған іс-шарада Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары күмістен және мельхиордан жасалған бірегей зергерлік бұйымдарды, киіз бен жібектен жасалған киім мен аксессуарларды, табиғи тастардан жасалған әшекейлерді сатып алды, тақияларды, қалпақтар мен сөмкелерді таңдады, керамикалық және ағаштан жасалған ыдыс-аяқ сатып алды, Сондай-ақ біздің облыстың фотографтары мен бейнелеу өнері суретшілерінің әлемін ашты.
Әрине, әр ересек пен бала қолөнер шеберлігінің әртүрлі бағыттары бойынша шеберлік сабақтарына қатысып облыстың жергілікті қолөнер шеберлерінің шеберлігіне таңданды.