Күре жол бойындағы кешендар талапқа сай болуы тиіс. Бүгінде жол бойындағы сервистік кешендердің қызмет сапасын артыруды Туризм басқармасы мықтап қолға алып отыр. Құрамында ЖОӘ Туризм басқармасы, «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ-ның мамандары, Аудан әкімдіктері мен Қоғам белсенділері және БАҚ өкілдерінен құралған мониторингтік топ жұмысын бастады. Жұмыс тобы ең алдымен нысандардың ұлттық талаптарға сай болуын ондағы жолаушыға жасалған жаңдай мен дәретханалар танысады. Бұл жұмыс өңірдің барлық аудандарын қамтиды. Жалпы қазір Жамбыл облысында 61 сервистік кешен қызмет атқарса, оның 25сі ұлттық талаптарға сай салынған.

Мониторингтік топтың алғашқы аялдамасы Байзақ ауданы болды. Батыс Қытай – Батыс Еуропа автодәлізінде орналасқан мекеннің әлеуметтік туризмдегі әлеуеті жоғары. Сондықтан мұндағы нысандардың талапқа сай болуы кезек күттірмейтін мәселе.

Топтың тоқталған нысандары:

1. Тау-Дос кешені.

2. Отырар қонақ-үй кешені.

3. Бәйтерек кешені.

4. Дастархан кафесі.

5. Ернұр кафесі.

6. Орал кафесі.

7. Жанар май бекеттері: Danoil, Sinooil

8. Оазис дәмханасы: пандус орналаспаған.

9. Жол бойындағы дəретханалар

    Тексеріс нəтижесінде, жолаушыларға қызмет көрсететін қоғамдық орындардың басымы, талапқа сəйкес келмейтінін байқадық. Біраз мекеме дəретханасы жаздық болғандықтан, жылдың салқын мезгілінде халық қолданысына қиындық тудырады. Жылы сусыз. Пандуссыз мекемелер саны басым. Душ, жуынатын орын сыртта орналасқан қонақ үйлер де кездесті. Оларды əрине  жаздан басқа мерзімде қолдануға мүмкіндік жоқ. Біраз нысанға кіре беріске асңфальт жабындысы төселмегендіктен, лас лай хəлде. Тағы бір мекемеге қарасты астанатын орынның төбесі құлауға шақ тұр. Дүкендермен қамтылмаған. Ақылы дəретхана мекемеден 50 метрдеф жерде орналасқан. Суық немесе жылы су жоқ. Əрі дəретхана маңында қазылған орын қоқысқа толы. Күндігіне 7-15 жолаушылар автобусын қабылдайтын мекеме үшін бұл сын.

Жұмыс тобы осылайша барлық ауданды аралап, мекемелерді ұлттық 4 санатқа бөлмек.  («А», «В», «С» және «Д».) Ал, кəсібінде кемшілігі  бар  кəсіпкерлерге ескерту берілмек. Басты мақсат, жол бойындағы сервистің сапасын көтеру.  Ал, барлық аудандардағы барлау бақылау жұмысв аяқталғаннан соң, осы мəселелер бойынша өңірдің карта жасалады. Мұндағы мəселелер облыс əкімдігімен қаралып толыққанды шешудің жолы қарастырылады.