Жол бойындағы сервис сапасы жоғары болуы тиіс.  Осы мақсатта құрылған облыстық мониторингтік топтың жұмыс сапары жалғасуда. Бұл жолы мамандар Тұрар Рысқұлов ауданына табан тіреді. Айта кетейік арнайы құрылған топ құрамында облыстық Туризм басқармасы, «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ-ның облыстық филиалы, облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің мамандары, ауданға қарасты бөлімдер мен қоғам белсенділері және БАҚ өкілдері бар.

     Жұмысшы топ алдымен күре жол бойындағы «Береке» дәмханасына бас сұқты. Ауқымды демалыс орнының автотұрағы болғанымен әзірге асфальт жабындысы төселмеген. Әрі мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалмаған. Деседе, олқылықтың орнын кәсіп иесі жақын аралықта толтырмақ. Келесі кешен, «Сафари» кафесі. Мұндағы кіре беріс те алдыңғы нысанның күйін кешіп отыр. Келушіге қар жаңбырлы күні лай кедергі келтіреді. Әрі тыстағы дәретхана да талаптың ешқайсынына сай емес. Пандус мәселесі тағы бар. Мұнан соң мониторингтік топ тас жолға шамадас тыс жақын орналасқан қос нысанға бас сұқты. «Ынтымақ» деп аталатын астану орнына, жолуашылар жету үшін жол жиегіндегі темір қоршаудан қарғуы қажет. Әрі 25 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан нысандар, жаңа жол түскен соң сүрілуі керек болған. Дегенмен меншік иелері жаңа ғимарат салуға қаржының қол байлау болып отырғандығын жеткізді. Иа, мұндайда мемлекеттен берілетін жеңілдетілген несиенің көмегі қажет-ақ. Аудандық жауапты мамандар алдағы уақытта меншік иелерінің мәселесімен мықтап айналысатын болды. Мұнан соң бақылау тобы «Турист» және «Жанна» дәмханаларына тоқталды. Мұнда да мүгедектердің мүмкіндігін шектеу, талапқа сай пандустың болмауы. Жұмысын жанар май бекетіне жалғаған жұмыс тобының мүшелері, ұлттық санатқа сай емес нысандарға ескерту жасап, түйіткілдерді тіркеп алды. Сапар барысында, талапқа сәйкес нысандарға облыстық туризм басқармасы тарапынан ұттық санатқа сай  деген белгілер жабыстырылды. Әрі, тазалық жайында ескерту қағаздары барлық нысандарға ілінді. Айта кетейік, аталмыш акция 20 ақпанға дейін жалғасын табады.