Лицензияны сәйкестікке келтіру мерзімі аяқталғаннан кейін 2022 жылғы 4 қаңтардан бастап заңнамаға сәйкес келмейтін лицензиялар жарамсыз болып табылады және оларды туроператорлық қызметте пайдалануға болмайды.

Туроператорларға туроператорлық қызметке жаңа лицензия ресімдеу үшін ағымдағы жылдың 4 сәуіріне дейін мерзім берілді. Бұдан әрі қызмет көрсетушілер лицензияның қолданылуын біржақты тәртіппен тоқтатылатын болады.

Сонымен қатар, туризм саласында тиісті рұқсаты жоқ (демалыс күнгі турлар) тұлғалардың турларды ұйымдастыру жағдайлары жиілеп кетті.

Аталған жағдайлар анықталған кезде құқық қорғау органдары арқылы анықталған құқық бұзушылықтарды жою үшін уәкілетті органға тиісті хабарлама жолдану қажет.