14 наурыз – Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды.

          Осы орайда, Айша бибі кесенесінің маңында төрт киіз үйдің ашылуымен қатар, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен мәдени  мұраларымызды насихаттау, еліміздің туризмін дамыту жолында серіктес болып келе жатқан Жамбыл облысы әкімдігінің Туризм басқарамасының Тараз – туризм ақпараттық орталығының қызметкерлеріне рухани қазынаға толы қазақ халқының атадан балаға жалғасын тапқан, қаһарлы қыстан шыққан бауырлардың бір-бірімен көрісіп, бауырмашылықты нығайтатын ерекше дәстүрлердің бірі «Көрісу күнін» жаңғырту мақсатында Амал мерекесімен құттықтады.

          Сонымен қатар, өлкенің туристік тартымдылығын арттыру мақсатында «Айша бибі» кесенесінің аумағына бүкіл түркілердің соның ішінде қазақтардың тұрақ мекені болған «Киіз үйдің» тұрғызылуы, келушілердің ұлттық құндылықтарымызбен тарихи-мәдени мұраларымыз жайлы жақын танысуға мүмкіндік алады. Мәселен, әр киіз үйде тарихи нысанға келетін келушілер қазақ дәстүрінен көрініс табатын заттарды естелікке алу мүмкіндігі бар.