ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев 2022 жыл – балалар жылы деп жарияланғандықтан, балалардың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпы ұлттық міндетіміз, – деп баса айтқанын негізге ала отырып, Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы «Тараз-Туризм» Туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен осы жылдың «Алғыс айту» күнінде өмірлік қиын жағдайдағы балалардың дамуына ат салысу жоспарланған болатын.

Осы орайда, өңіріміздегі балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда үлкен еңбек етіп жүрген, тәжірибелі «АЖУР» шағармашылық студиясының 2 бағыттағы 1 айлық курсының шығындарын өз тарапымыздан қамтамасыз еткен болатынбыз. Қазіргі таңда балалар үйі мекемелерінің  8 жастан 12 жасқа дейінгі тәртіпті, үздік балалары арнайы тоқу және сурет салу курсы бойынша білім алуда. Курс аяқталған соң балаларға арнайы сертификаттар табыс етіледі.

Осылайша қазақтың ежелден келе жатқан қолөнерін дамыта отырып, келешек ұрпаққа мұра ретінде үйретуді жөн көрдік.