2001 жылдан бастап KITF көрмесі Орталық Азиядағы ең ірі салалық іс-шарасы болып табылады, оның көрсеткіштері жылдан жылға өсіп келеді.Биылғы жылы әлемнің 17 елінен (Әзербайжан, Үндістан, Индонезия, Италия, Испания, Қазақстан, Малайзия, БАӘ, Польша, Словения, Таиланд, Түркия, ОңтүстікКорея, Жапония) 200-ден астам компания көрмеге қатысуда. 

Дәстүр бойынша көрме аясында ауқымды іскерлік бағдарлама өтуде, оның іс-шаралары көптен күткен кездесулер, тікелей келіссөздер, нетворкинг және кәсіби тәжірибе алмасу атмосферасына енуге көмектеседі.
Аталған халықаралық көрмеге Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен, “Тараз- Туризм” туристік ақпараттық орталығыда қатысуда. Көрмеде шетел өкілдіктері мен көрмеге қатысушыларға өз өңіріміздің туристік обьектілері таныстырылды.
«ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ 22 сәуірге дейін жоспарлануда.