📝 Уақытында сәйкестендірілмеген Лицензия жарамсыз болып табылады, тиісінше туроператорларға ағымдағы жылдың 20 мамырына дейін шығу туризмі саласындағы, келу және ішкі туризм саласындағы қызметтің кіші түрлеріне сәйкес портал арқылы туристік операторлық қызметке жаңа лицензия ресімдеуге өтініш беру қажет elicense.kz.

❗ Қағидаларға 1 – қосымшаға сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға жүгінген сәттен бастап: -6 (алты) жұмыс күнінен кешіктірмей лицензия беру.

💵 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері: туроператорлық қызметпен айналысу құқығы үшін лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі-АЕК) құрайды. 2022 жылы 1 АЕК-3063 теңгені құрайды.

🏦 Төлем Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және электрондық нысанда, сондай-ақ портал арқылы жүргізіледі, төлем «электрондық үкіметтің»төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

To the attention of tour operators!