2022 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидалары күшіне енді (ҚР Мәдениет және спорт Министрінің бұйрықтарымен бекітілді), олардың шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын туризм саласындағы 7 бағыт бойынша алуға болады:

туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу-шығындардың 10%;

кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау – 83 300 тг. айына;

кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу-шығындардың 10%;

автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орын қаражаты – 25%.

туристік пакет құрамында әкелінген әрбір шетелдік турист үшін туроператорларға төлем – 15 000 теңге.

тау шаңғысы курорттары үшін жабдықтар мен техника сатып алу бойынша кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу – 25 %.

Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуеде тасымалдау кезінде туристік өнімге енгізілген билеттің құнын субсидиялау – балалар авиабилетінің 100 %.