Облыстық туризм басқармасының бастамасымен құрылған мониторингтік топ Меркіге де ат басын бұрды. Баршаға баурап алар табиғатымен танылған бұл мекеннің, әлеуметтік туризмдегі рөлі ерекше. Сондықтан мұндағы сапа да талапқа сай болуға тиіс.
Ауданда жол бойындағы қызмет көрсету орындарының қатарына 5 нысан тіркелген. Солардың алғашқысы «Ақжол» кафесі. Пандус пен дәретхана жайы жасалмаған кәсіптік нысан бүгінде белгісіз себептермен жұмысын тоқтатқан. Ал, ҚазАвтоЖолға қарасты жол дәретхана жайы көңіл көншітпейді. Санитарлық, тазалық жағын жауаптылар ұмыт қалдырғандай. Келесі нысан «ҚазМұнайГаз» жанар май құю бекеті. Әуелде ұлттық стандартқа сай деп жұмысын бастаған бекеттің дәретханасы, бұл пікірді теріске шығарады. Ғимарат сыртында орналасқан қоғамдық нысанда, пайдаланушыға жағдай жасалмаған. Суық орында, ыстық суық су, пандус, тазалыққа қажетті заттар жоқ. Мүмкіндігі шектеулілердің жайы тіпті жасалмаған. Бұл жағдай, күре жол бойындағы «Анипа» дәмханасында да қайталанып отыр. Ақылы қызмет көрсететін контейнердегі дәретхана, санитарлық талапқа мүлдем сәйкес келмейді. Ал, «Гелиос» жанар май бекеті пандусты салуға қауқарсыз. Халықаралық жол бойында орналасқан соңғы орын, «Балтабай» кафесі. Мұнда да ақылы дәретхана ақы төлеуге тұрғысыз. Жеке кәсіпкер кіре беріс пен пандус мәселесін алдағы уақытта шешпек ниетте. Айта кетерлік ақпар, бұған дейін ұлттық санатқа лайық деп танылған 61 нысан 20 ақпанға дейін толықтай қайта тексеріледі.